Қызмет түрлері

Қазақстанның ботаникалық бақтарының тектік қорын жерсіндіріп байыту саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер өткізу; Өсімдіктердің дақылдары мен көбеюіне кіріспе технологияларын құру; Өсімдік жамылғысы және өсімдік ресурстарын теңдестіріп қолдану ғылыми негіздерін құру; Қазақстанның фито- және микобиоттары түрлерінің әртүрлілігінің қазіргі заманғы жағдайын бағалау; өсімдік тектік қорын сақтап қалу.

Ботаника, өсімдіктердің жерсінуі және өсімдік әлемін қорғау саласындағы ғылыми қызметтің әлеуетті бағыттарын анықтау.

Мемлекеттік, аймақтық және салалық ғылыми бағдарламалар мен жобалар, сондай-ақ Институт іскерлігі саласы бойынша халықаралық және шет елдік ұйымдардық қорлары, мемлекеттік ,ылыми және басқа да қорлардан қаржылық қолдау алған жобалар аясында ғылыми зерттеулер өткізу.

Институт іскерлігі саласы бойынша мемлекеттік және басқа бағдарламалардың арнайы тарауларын жобалау және жасауға қатысу.

Институт іскерлігі саласы бойынша заң жобалары, нормативті-құқықтық актілер, ғылыми жобалардың ғылыми-техникалық, технологиялық және экологиялық сараптамаларына қатысу.

Журналдар, монографиялар, ғылыми жұмыс жинақтарын, әдістемелік зерттемелер, ғылыми-техникалық ақпарат бюллетеньдерін басып шығару; Институт іскерлігі саласы бойынша ғылыми жұмыстарды қазақ, орыс және басқа тілдерде республикалық және шет елдік баспаларда жариялау.

Ғылымның ең жаңа жетістіктерін насихаттау, ағартушылық және табиғатты қорғау шараларын өткізу, Институт іскерлігі саласы бойынша лекториялар ұйымдастыру; сынама базаларын, станционарлар, карантиндік өсімдіктердің жерсіндіру тәлімбақтарын құру.

Тұқымдық материалды, емдік шөптерді, гүл өнімдерін, көшеттерді өндіру және сату.

Ғылыми зерттеулер жүргізу және кадрларді даярлау (бакалаврлар мен магистрлер) мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен серіктестікті жүзеге асыру.

Заңнамамен бекітілген тәртіпке сай халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық серіктестікті және сыртқы экономикалық іскерлікті жүзеге асыру.   

Ботаника, экология және жерсіндіру салалары бойынша мамандандырылған халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Институт іскерлігі саласы бойынша республикалық және халықаралық конференцияларды, симпозиумдарды, съездерді, семинарларды, мектептерді, көрмелерді, жәрмеңкелерді, аукциондарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келушілерге кызмет көрсету мақсатында Бас ботаникалык бактың аумағына экскурсиялар мен баруды ұйымдастыру бойынша кызметтер көрсету;

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Бас ботаникалык бак обьектілеріне бару және зерделеу кезiнде кино-, бейне - және фототүсіруді жүргізу жөнінде қызметтер көрсету»;

 

Жеке кәсіпкерлердiң тиiстi нарыққа кемсітусіз кол жеткiзуi шартымен 2023 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмге кәдесый өнімдерін өткізу;

 

Жеке кәсіпкерлердiн тиiстi нарыққа кемсітусіз кол жеткізуі шартымен 2023 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмге дайын тамақ өнiмдерiн (алкогольді сусындарды қоспағанда) сату максатында ботаникалық бақтың коғамдык аймағында әрқайсысының ауданы 100 м2 дейінгі үштен аспайтын қоғамдық тамақтандыру пункттерін ұйымдастыру.»