ICSEGT2025 халықаралық конференциясына қатысу

04 июня 2025,

2025 жылдың 29-30 мамырында Баку қаласында (Әзірбайжан) 2nd International Conference on Smart Environment and Green Technologies (ICSEGT2025) халықаралық конференция өтті. Толығырақ...

Конференцияға Иран, Солтүстік Кипр, Украина, Германия, Түркия, Малайзия, Испания, Қытай, Франция және басқа да көптеген елдердің ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. Ботаника және фитоинтродукция институты атынан Молекулярлық генетика және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Төкен Азиза «Effect of spirulina platensis calu-532 on maize seed germination and early growth under field conditions» тақырыбында баяндама жасады.

Бірлескен сараптамадан кейін барлық қабылданған мақалалар Springer сериясында Lecture Notes in Networks and Systems жүйелердегі дәрістер жазбаларында жарияланады. Бұл серия SCOPUS, INSPEC, WTI Frankfurt eG, zbMATH, SCImago халықаралық ғылыми дерекқорларында индекстелген және осы серияда жарияланған барлық кітаптар Web of Science жүйесіне қосу үшін қарастыруға жіберіледі.

Конференция тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және шетелдік әріптестерден кері байланыс алуға құнды мүмкіндік болды.

Жіберілімге жазылыңыз