24 желтоқсанда ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-сында 2025 жылдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларына арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Толығырақ...
Отырысқа ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ЕҚТА басқармасының басшысы Меирбеков Бексұлтан Нұрланұлы; «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры Абилганиев Дарын Бақытжанұлы; «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрахметов Ерболат Серікұлы; Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты Алматы филиалының директоры Ахметов Руслан Сабырұлы; «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМКК директоры Сүлейменов Нұрлан Қуанышұлы; «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМКК директорының орынбасары Баймұханбетов Санат Серікұлы; Селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығының директоры Сәтімбаев Болат Зәкіржанұлы; «Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» РМКК басшысы Мәлгелдиев Дамир Нұрбекұлы қатысты.
Кіріспе сөзбен және 2025 жылға арналған атқарылған жұмыстар туралы есеппен Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, б.ғ.д., профессор, ҚазҰАЕН академигі Ситпаева Гүлнара Төкбергенқызы сөз сөйледі.
Ол Институттың ғылыми қызметі, ғылыми-техникалық бағдарламалардың және гранттық жобалардың орындалуы, халықаралық ынтымақтастық, коллекциялық қорлардың толықтырылуы, экспедициялық сапарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысу және басқа да бағыттар туралы баяндады.
2025 жылдағы қызмет қорытындылары бойынша есеппен филиал басшылары сөз сөйледі: Жезқазған ботаникалық бағының директоры, б.ғ.д. Нашенов Жангозы Болатұлы; Іле ботаникалық бағының директоры, б.ғ.к. Исабаев Серік Оқсықбайұлы; Астана ботаникалық бағының директоры, а-ш.ғ.к.Ражанов Медеу Ражанұлы.
Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы бағдарлама жетекшілері мен жауапты орындаушылар есеп берді.
BR23591088 «Қазақстан Республикасының “Өсімдіктер дүниесі туралы” Заңының міндеттерін іске асыру аясында Ұлытау облысының өсімдіктер кадастрын жасау арқылы өңірдің ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану» (2024–2026 жж.) ғылыми-техникалық бағдарламасы және AP19679078 «Қазақстанның аридті флорасының реликті генофондын сақтау мақсатында Бетпақдаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі экотондық аумақтың түрлік алуандығын зерттеу» (2023–2025 жж.) гранттық жобасы бойынша есеппен жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к, профессор Веселова Полина Васильевна сөз сөйледі.
Генетика және адам физиологиясы институтымен жасалған №417-ПЦФ-23-25/1 шарт бойынша BR21882180 «Климаттың өзгеруі жағдайында Қазақстандағы медицина мен ветеринария үшін перспективалы өсімдіктердің ресурстық базасын сақтау және дамыту бағдарламасын әзірлеу» (2023–2025 жж.) тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағдарлама, сондай-ақ АР23484591 «Қырғыз Алатауы трансшекаралық жотасындағы Allium L. туысына кешенді зерттеулер (флористикалық, молекулалық-генетикалық, ресурстық) жүргізу – өңірдің табиғи ресурстарын пайдаланудың ғылыми негізі» (2024–2026 жж.) тақырыбындағы гранттық жоба бойынша есеппен өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Гемеджиева Надежда Геннадьевна сөз сөйледі.
«Балқаш–Алакөл алабының шөлді табиғи аумақтарының кадастры: оларды сақтау мен тұрақты пайдалануға төнетін қауіптерді бағалау» (2023–2025 жж.) бағдарламасы аясында «Балқаш–Алакөл ойпатының экожүйелер картасын әзірлеу» тақырыбы бойынша есеппен геоботаника зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Димеева Лилия Аминовна сөз сөйледі.
Зоология институтымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп орындалған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша BR21882122 «Жасыл өсім контексінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалаулар мен сценарийлер» (2023–2025 жж.) тақырыбындағы қорытынды есеппен геоботаника зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Исламғұлова Анастасия Фаритқызы баяндама жасады.
2023 жылғы 20 қарашадағы №05-ПЦФ-23-25 шарт бойынша МЭБС-пен бірлесіп орындалған BR21882166 «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Батыс, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның табиғи флорасындағы жеміс-жидек өсімдіктерін көбейту, сақтау және пайдаланудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша есепті Жанғалиев атындағы жеміс өсімдіктерінің генофондын қорғау және интродукциялау зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Мұқан Гауһар Сейсенбекқызы ұсынды.
Сондай-ақ Ботаника және фитоинтродукция институтының 2025 жылдағы білім беру және мәдени-ағартушылық қызметі бойынша есеппен маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Көспенбетова Баян Қадыржанқызы сөз сөйледі.
Онлайн форматта Астана ботаникалық бағы қызметкерлерінің есептері тыңдалды, атап айтқанда:
ИРН AP19677563 «Олигоцен мен миоцен шегіндегі Орталық Қазақстанның палеофлорасы мен климатын зерттеу және өңірдің шөлейттенуінің бастапқы кезеңі» жобасы бойынша – жоба жетекшісі Жамангара Айжан Қашағанқызы;
ИРН AP19680161 «Молекулалық-филогенетикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы Солтүстік және Орталық Қазақстан флорасындағы Gagea (Liliaceae Juss.) туысына таксономиялық ревизия жүргізу» жобасы бойынша – жоба жетекшісі, жғқ Кубентаев Серік Арғынбекұлы;
AP26101537 «Күнгей Алатау жотасының Қазақстан бөлігіндегі табиғи флораның сирек және шаруашылық тұрғысынан құнды түрлерінің генофондын сақтау және тұрақты басқару» жобасы бойынша – жоба жетекшісі Избастина Клара Сержанқызы есеп берді.