Елордамыз 6 шілдеде туған күнін тойлайды! Толығырақ...
Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы, елімізбен бірге өсіп-өркендеп, гүлденген болашақтың қаласы. 2017 жылдан бастап елордамызда біздің филиалымыз – Астана ботаникалық бағы жұмыс істейді, біз оны мақтан тұтамыз. Бұл қаланың жасыл безендірілуі ғана емес, сонымен қатар ғылыми, экологиялық және білім беру іс-шараларының орталығы. Ботаникалық бақ өзінің өмір сүрген сегіз жылында Астана тұрғындары мен қонақтарының қаладан шықпай-ақ табиғат әлемін тамашалай алатын сүйікті демалыс орнына айналды.
Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймыз! Астананың одан әрі дамуын, гүлденуін және тыныштығын тілейміз. Әр үйге жылулық, жайлылық және махаббат тілейміз.