Біз барлық әріптестерді Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – 5 маусымда бүкіл әлемде аталып өтетін барлық экологтар, қоғам қайраткерлері және эко-еріктілердің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Толығырақ...
Бұл Ботаника және фитоинтродукция институты мен біздің жетекшілік ететін департамент, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұжымы үшін де маңызды мереке. Өсімдіктер әлемін, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерін қорғау, сақтау және қалпына келтіру институтымыздың негізгі міндеті екенін еске саламыз. Ал өсімдіктер әлемінің адамға қолайлы ортаның қалыптасуына қосқан үлесін асыра бағалау қиын.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай институт Бас Ботаникалық бақ аумағында бірқатар іс-шаралар өткізді.
3 маусым күні «Шеврон» компаниясының қолдауымен ботаникалық баққа келушілер үшін мереке ұйымдастырылды. Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Бабай Инга Валерьевна «Қолайлы қала ортасын құрудағы өсімдіктердің рөлі» тақырыбында ғылыми-көпшілік дәріс оқыды. Бағдарламада дәріспен қатар балалардың да, ересектердің де қызығушылығын тудырған түрлі іс-шаралар қамтылды. Балалар қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, тұқымдары бар қағазды, сонымен қатар «ЭкоАлмалы» жобасымен дайындалған қайта өңделген пластиктен салпыншақтарды жасай алды. Сахнада автор Катя Булатованың «Құтқару шеңбері» экологиялық таза өмір салты балаларға арналған энциклопедия кітабының тұсаукесері және викторина өтті. Пакизат Сайлаубекова «Құтқару шеңбері» кітабын жасауда сарапшы болып, шарада қонақтарға экологиялық таза өмір салтын ұстанған тәжірибесі туралы айтып, кеңестерімен бөлісті.
Мерекелік бағдарлама Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты оқушыларының концертімен және ашық аспан астындағы сазды кешпен аяқталды. Ботаникалық бақ сахнасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Аида Аюпова (скрипка) және Ермек Құрманаев (виолончель), Жамбыл филармониясының солисі Береке Еңкебаева (сопрано) және халықаралық байқаулардың лауреаты Александра Наумова (фортепиано) өнер көрсетті.