жас ботаник-ғалымдардың IV дәстүрлі халықаралық конференциясы

23 октября 2025,

2025 жылғы 9–17 қыркүйек аралығында Өсімдіктер дүниесінің кадастры зертханасының меңгерушісі, PhD Осмонали Б.Б. іссапар аясында Өзбекстан Республикасына (Ташкент және Қоқан қалалары) барды. Толығырақ...

Іссапар AP19679078 нөмірлі гранттық жоба шеңберінде жүзеге асырылды:
«Қазақстанның аридті флорасының реликттік генофондын сақтау мақсатында Бетпақдаланың солтүстік-шығыс экотондық аумағының түрлік алуантүрлілігін зерттеу» (2023–2025 жж.).
Іссапардың негізгі мақсаттары – Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтында (Ташкент қ.) өткен жас ботаник-ғалымдардың IV дәстүрлі халықаралық конференциясына және Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтындағы ғылыми-педагогикалық семинарға қатысу болды.
Іссапар нәтижелі өтті, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтының және Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдарымен алдағы уақытта ғылыми ынтымақтастық орнатуға бағытталған кәсіби байланыстар жасалды.
 

Жіберілімге жазылыңыз