2025 жылғы 15 тамызда инклюзия, тұрақты даму және экологиялық ойлауды біріктіретін бірегей отбасылық InEco Fest 2025 фестивалі өтті. Фестиваль Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы қаласындағы Бас Ботаникалық бақ) «ITeachMe» қорымен бірлесе отырып, «Шеврон» компаниясының серіктестігімен ұйымдастырылды. Толығырақ...
Бас Ботаникалық бақ тағы да табиғат пен адам тең дәрежеде кездесетін, шабыттандыратын оқиғалар айтылып, адамдардың бір-біріне және планетаға деген қамқорлықтың маңыздылығын түсінетін орынға айналды.
Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері фестивальдің сәтті өтуіне сөзсіз үлкен үлес қосты.
Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының қызметкерлері «Терезе алдындағы бақ» атты бөлме өсімдіктерін отырғызу бойынша шеберлік сабағын өткізді. «Шеврон» компаниясының қолдауының арқасында әрбір қатысушы шеберлік сабағынан кейін өсімдік отырғызылған гүлсауытты сыйлық ретінде алып кетті.
Бас Ботаникалық бақта екінші жыл жұмыс істеп жатқан «Жасыл Рейндже Клубының» еріктілері тозаңдандырғыш жәндіктерге арналған суқұйғыштар мен үйшік жасау бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Ботаника және фитоинтродукция институтының дендрология зертханасының қызметкерлері фестивальде өздерінің бүрлер коллекциясын ұсынды. Сонымен қатар, балалардың табиғи материалдардан жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Маркетинг бөлімі, ботаникалық бақтағы шеберлік сабақтарын және экскурсияларды өткізуге жауапты, фестиваль қонақтары үшін «Сүйу үшін білу» білім беру бағдарламасы аясында шығармашылық шеберхана өткізді. Фестиваль қонақтары гүлдер туралы қызықты деректер біліп, оригами техникасында қағаз гүлдер жасады. «Шеврон» компаниясының фестиваль қонақтарына арнап ұсынған жағымды сыйы — ботаникалық бақ бойынша тегін экскурсиялар және балаларға арналған «Бақ қорғаушысының құпиялары» аудио туры болды.
Өзінің кіріспе сөзінде Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас директоры Гүлнара Токбергеновна Ситпаева фестиваль Бас Ботаникалық бақ үшін маңызды шаралардың бірі болғанын атап өтті, себебі ғылыми, табиғатты қорғау және білім беру қызметтері әлеуметтік жауапкершілікпен және Алматы тұрғындары мен қонақтары арасында сүйікті көрікті орын мәртебесін алған ботаникалық бақтың статусымен тығыз байланысты.
Маркетинг бөлімінің басшысы Баян Қадыржановна Қоспенбетова институттың ботаникалық бақта балалар мен ересектерге арналған білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Ботаника және фитоинтродукция институтының жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі Полина Васильевна Веселова фестивальдің басты сахнасында «Қызыл Кітап - өсімдіктер әлемінің апат сигналы» тақырыбында ғылыми-көпшілік дәріс оқыды.
InEco Fest 2025 фестивалінің жабылуында ботаникалық бақтың сахнасында достары — ARTиШОК театры «Қызыл Кітап - өсімдіктер әлемінің апат сигналы» тақырыбында перформативті лекциямен өнер көрсетті. Перформанс Ботаника және фитоинтродукция институтының құрылу тарихына арналды. Фестиваль режиссер Қанат Бейсекеев пен Almaty Air Initiative түсірген «Алматы? Ок жить со смогом?» деректі фильмінің көрсетілімімен аяқталды.
InEco Fest 2025 тағы да Бас Ботаникалық бақтың тек қаланың жүрегіндегі жасыл оазис қана емес, сонымен қатар шабыт, білім алу, инклюзивті өзара әрекеттесу және адамдар мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас алаңы екенін дәлелдеді. Барлық қонақтарға, серіктестерге және қатысушыларға энергиясы, жанашырлығы, мейірімділігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, ботаникалық бақ аумағында еңбек ететін және бақтың кез келген іс-шарасының сәтті өтуіне өз үлесін қосатын барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз: инженерлік желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететіндерге, тазалықты сақтайтындар мен жасыл желектерді күтіп-баптайтындарға, сондай-ақ тәртіп пен ережелерді сақтау үшін жауапты адамдарға.
Фестивальдің қорытындысы бойынша толық есептік бейнемазмұн жақын арада @ineco.fest парақшасында жарияланады.
Келесі экологиялық шараларда кездескенше!
Жыл сайын өтетін экология және инклюзия фестивалі InEco Fest 2025, «ITeachMe» қорының бастамасымен, Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы қаласындағы Бас Ботаникалық бақ) және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен ұйымдастырылды.