2025 жылдың 19 мамыры мен 2 маусымы аралығында «Ботаника және фитоинтродукция институты» мен «Зоология институты» қызметкерлерімен кешенді экспедиция өткізілді. Толығырақ...
Экспедиция BR21882122 «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи, экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» (2023-2025) мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламасының міндеттерін орындау аясында ұйымдастырылды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Атырау облысында (Жылыой ауданы), Ақтөбе облысында (Темір ауданы) жүргізілді. Дала жұмыстарын жүргізу барысында келесі жұмыстар жүргізілді: өсімдіктер қауымдастығы сипатталды және Ботаника институтының гербарий қорын толықтыратын өсімдік түрлерінің гербарийлік материалы жинақталды; микро және макромицетті саңырауқұлақтар мен қыналар туралы материалдар жинақталды, сонымен қатар оның аймақтағы әртүрлілігін бағалау және Зоология институтының қорын толықтыру үшін өрмекшітәрізділер фаунасы жинақталды.
Экспедиция сапарына геоботаника зертханасының қызметкерлері қатысты: геоботаника зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д. Димеева Л.А., б.ғ.д. ғылыми қызметкер Үсен Қ., б.ғ.к., ғылыми қызметкер Құрмантаева А.А., микология және алгология зертханасы – ғылыми қызметкер, PhD-докторы Сыпабекқызы Г., сонымен қатар Зоология институтының, арахнология және басқа омыртқасыздар зертханасының қызметкерлері – б.ғ.к, ағқ Нехаева А.А., магистр, кғқ Ким Л.В.