2026 жылғы 21–22 ақпанда жеңіл атлетикадан ардагерлер арасында жабық ғимаратта өткен Қазақстан Республикасының V чемпионаты өтті. Толығырақ...
Жарысқа Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкері, жүргізуші Жиенбаев Талғат Әкімжанұлы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша ол жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіл атлетиканың түрлі дисциплиналарында бірінші орындарды иеленіп, бес алтын медальдің иегері атанды.
Талғат Әкімжанұлы өз үлгісімен кәсібилік, жауапкершілік және белсенді өмірлік ұстаным тек жұмыста ғана емес, спортта да көрініс табатынын дәлелдеп келеді. Ботаника және фитоинтродукция институты осы құндылықтарды қолдайды, қызметкерлердің салауатты өмір салтына ұмтылысын және жан-жақты дамуын қолдап, олардың кәсіби және тұлғалық өсуіне жағдай жасайды.
Талғат Әкімжанұлын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
