2-ші Дүниежүзілік қоршаған орта ғылымы және климаттың өзгеруі жөніндегі конгресс

12 мая 2026,

13-15 сәуір 2026 жылы Сингапурда 2-ші Дүниежүзілік қоршаған орта ғылымы және климаттың өзгеруі жөніндегі конгресс (2nd World Congress on Environmental Science & Climate Change 2026) өтті. Толығырақ...

Конгреске Ботаника және фитоинтродукция институтының атынан бас директор Ситпаева Гүлнара Токбергенқызы, жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі Веселова П.В., тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының меңгерушісі Масалимова Ш.К., Өсімдіктер дүниесі кадастры зертханасының кіші ғылыми қызметкері Уразалина А.С. қатысты.

Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Ситпаева Г.Т. пленарлық отырыста «Conservation of endemic, rare and endangered species of flora of Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады.

«Tropical and Subtropical plants in the Main Botanical Garden in Kazakhstan» атты постерлік баяндаманы тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының меңгерушісі Масалимова Ш.К. ұсынды.

Өсімдіктер дүниесі кадастры зертханасының кіші ғылыми қызметкері Уразалина А.С. «Genus Tamarix L. in the flora of Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады.

Конгресс аясында қоршаған ортаның ластануының әсері, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму мәселелері талқыланды.

Конгресс әлемнің әртүрлі елдерінен келген ғалымдар мен мамандарды біріктіріп, заманауи экологиялық сын-қатерлер мен оларды шешудің ғылыми тәсілдерін талқылайтын халықаралық алаңға айналды.

         

 

Жіберілімге жазылыңыз