Ұлытау өңіріне экспедиция

21 августа 2025,

 

2025 жылғы 5-тен 13 тамызға дейін А.Д. Джанғалиев атындағы жемісті өсімдіктерді жерсіндіру және гендік қорды қорғау зертханасының қызметкерлері (зертхана меңгерушісі, б.ғ.к. Мұқан Г.С., кіші ғылыми қызметкер Санқайбаева А.Г., ғылыми қызметкерлер Кидарбек Т., Баймаганбетова М.М.) және Жезқазған ботаникалық бағының қызметкерлері (директор, б.ғ.к Нашенов Ж.Б., ғылыми қызметкер, б.ғ.к. Нашенова Г.) Ұлытау ауданы, Ұлытау облысына экспедициялық сапар ұйымдастырды. Толығырақ...

Сапардың мақсаты – Ұлытау ауданында пайдалы жеміс-жидек түрлерінің түрлік құрамын және таралуын анықтау болды. Экспедиция «Ұлытау облысының өсімдіктер кадастрын құру – аймақтың ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының Өсімдіктер туралы заңының міндеттерін іске асыру» бағдарламасы (2024–2026 жж.) шеңберінде жүзеге асырылды.

Экспедициялық сапар барысында 7 тұқымдасқа жататын 11 жеміс-жидек өсімдігі анықталды, 26 форма бойынша паспорттар мен фотосуреттер жасалды. Жеміс-жидек өсімдіктерінің популяциялары тіркелді: Rosa laxa, Rosa acicularis, R. spinosissima, Ribes nigrum, Crataegus chlorocarpa, Lonicera tatarica, Cotoneaster multiflora, Cotoneaster melanocarpa, Amygdalys nana, Rubus caesius, Rubus saxatilis.

Жиналған тұқымдық және көшет материалдары Ботаникасы және фитоинтродукция Институтының коллекциялық қоры мен Тұқым банкіне енгізу үшін пайдаланылатын болады.

               

Жіберілімге жазылыңыз