Наурыз айының 20 күні еліміздің альгология және гидроботаника саласына еңбегі сіңген көрнекті ғалым және керемет тұлға – Нурашов Сәтбай Бақытбайұлы өзінің мерейтойын атап өтеді! Толығырақ...
Сәтбай Бақытбайұлы – 1983-1990 жылдары Қырғыз КСР Ош мемлекеттік педагогикалық институтының Жаратылыстану-география факультеті, химия және биология мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған, 1984-1986 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген, ал еңбек жолын 1982 жылы бастауыш мектепте мұғалім болып бастады, 1991 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтында, «альгология және эксперименттік гидроботаника» зертханасында кіші ғылыми қызметкер қызметінен бастады. 1994-1997 жылдары аспирантурада білім алып, микробалдырлар түрлерін өсірумен және олардың биомассасын науа-блок реакторында алумен айналысты. 2004 жылы "Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы улы балдырлар және оларды ұтымды пайдалану жолдары" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады және 2009 жылдан бастап ҚР ЭТРМ ОШЖДК "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК "Микология және альгология" зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты. 2010 жылы Сәтбай Бақытбайұлы А.Т. Төлеужанованың кандидаттық диссертациялық ғылыми жұмысының жетекшісі болып тағайындалды: «Альгофлора водоемов Кулундинской равнины (в пределах Павлодарской области)». Сонымен қатар ғалым, 2018 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінің PhD-докторлық диссертациялық жұмыстарының ресми рецензенті және уақытша кеңес мүшесі болып келеді.
Сәтбай Бақытбайұлы, Қазақстанның өзендері мен көлдері бойынша харофитті, көк-жасыл, жасыл, диатомды, эвгленалы, пиррофитті, динофитті және т.б. балдырларының түрлік құрамы, таралуы және экологиясы бойынша 2 монография, 1 авторлық куәлік, 100-ден астам мақала, оның ішінде 15 мақала ҒЖБСҚҚК жүйесіне енетін журналдарда, 10 мақала Web of Science және Scopus, 8 мақала РИНЦ жүйесіне енетін журналдарда ғылыми еңбектері жарияланған. Сонымен қатар автор Қазақстанның түрлі өңірлерінің альгофлорсы мен микобиотасын зерттеу бойынша жобалардың негізгі орындаушысы болды, мысалы; «Современное состояние видового разнообразия микобиоты и альгофлоры пустынных низкогорий юга-востока Казахстана и их рациональное использование» гранттық жобасының тең басшысы болды (2015-2017 жж.).
Сәтбай Бақытбайұлы – адамгершілік қасиеті жоғары, кішіпейіл, жанашыр, адал, әрқашан әріптестерін жылы сөзбен және ақылды кеңестерімен қолдауға дайын азамат. Асыл жар, ұлағатты әке, адал дос және біздің құрметті әріптесіміз болып келеді.
Құрметті Сәтбай Бақытбайұлы, сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт пен сарқылмас күш-қуат тілейміз. Сіздің тәжірибеңіз, біліміңіз және іске деген адалдығыңыз ғылымның дамуына қызмет етіп, әріптестеріңізге үлгі бола берсін. Береке, құрмет және жаңа жарқын жетістіктер тілейміз!
